Азия чемпионы атанды
Азия чемпионы атанды
330
оқылды
Қазақстандық Давид Дегтярев Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан парапауэрлифтингтен Азияның ашық чемпионатында жеңімпаз атанды. Ол 54 келіге дейінгі салмақта 180 келіні бағындырып, алтын жүлдені жеңіп алды. Естеріңізге сала кетейік, Давид Дегтярев бұған дейін Токиода өткен Паралимпиадада алтын медаль иеленген болатын. Халықаралық деңгейде Давид өзінің дебютін 2017 жылы Дубайда өткізді, ал алғашқы беделді жеңісіне бір жылдан кейін қол жеткізді. Ол Паразиада-2018-де күміс алды. Небәрі 26 жастағы спортшы былтыр Азия рекордын орнатты (185 келі) және өз салма­ғының рейтингінде көшбас­шы атанған болатын.

К.ЕСІМХАН