Қазақстандық теннисшілер өзара кездеседі
Қазақстандық теннисшілер өзара кездеседі
Қазақстандық теннисшілер Денис Евсеев пен Бейбіт Жукаев жекелей сында АҚШ-тың Канзас штаты Уичито қаласында өтіп жатқан ITF турнирінің ширек финалына шықты. Осы жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Д.Евсеев екінші айналымда аме­рика­лық Райан Шейнмен шебер­лік байқасты. Қазақстандық тен­нисші 1 сағат 25 минутқа созылған матчта қарсыласын 6:4, 7:5 есебімен ұтты. Доданың алтыншы ракеткасы Д.Евсеев тағы бір америкалық Ноа Шахтердан айласын асырды – 6:4, 6:2. Енді Д.Евсеев пен Б.Жукаев ширек финалда өзара кездеседі. Қай жеңгені жартылай финалға шы­ғады. Қазақстандық теннисшілер жұптық сында да жарыс жолын жал­ғастыруда. Олар ширек фи­налда ұлыбританиялық Дэвид Фокс  жапониялық Сюити Секи­гутиден өтуге тырысады.

Кербез ЕСІМХАН