Қазақстан аумағынан күнбағыс майын әкетуге шектеу қойылды
Қазақстан аумағынан күнбағыс майын әкетуге шектеу қойылды
1,964
оқылды
Мемлекеттік кірістер комитеті Ауыл шаруашылығы министрінің 17 маусымдағы бұйрығымен ел аумағынан күнбағыс майын әкетуге сандық шектеулер енгізілгенін мәлімдеді. Шектеу шаралары биылғы 18 маусым мен 31 тамыз аралығын қамтиды.
«Күнбағыс майын Қазақстан аумағынан әкетуге сандық шектеулер бағаларды тұрақтандыру және сыртқы нарықтарда жоғары сұранысқа байланысты нарықта тапшылықтың туындауын болдырмау мақсатында енгізілді. К үнбағыс майын ел аумағынан әкету Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелері беретін фитосанитариялық сертификат болған кезде ғана жүзеге асырылады», - деп жазды ведомстводан.
Айта кетейік, күнбағыс майын әкетуге енгізілген сандық шектеулер 2021 жылғы 15 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 1 маусымға дейін қолданылған.