Блогер биікте ұшудан қорықпаудың қарапайым әдісін жеткізді
Блогер биікте ұшудан қорықпаудың қарапайым әдісін жеткізді
392
оқылды
Шетелдік блогер Анна Паулл ұшу барысында болатын турбулент жағдайында қорықпаудың ең қарапайым әдісін атады. Ұшқыш TikTok желісінде жай ғана бір стақан жиле мен майлық арқылы мысал келтіріп, оқырмандарының ризашылығына бөленді. Блогерге бұл лайфхакты ұшқыш көрсеткен, ал қыз бала мұны өз парақшасына жазылғандарға жеткізді. Қыз бала қолына жиле құйылған стақанға майлықтың түйіршіктелген бір бөлігін салады. Майлық, бұл – ұшақ, ал желе – оны қоршап тұрған атмосфера. Блогер стақанды қатты шайқайды. Пауллдың айтуынша, стақандағы затқа қысым жоғарыдан, төменнен және жанынан түседі, соның арқасында майлық бір орында тұрады. Әуе кемесі турбулент аймағына түскенде сол физика заңдылығы орындалады. Қыз баланың осы видеосы кеңінен таралып, үш күнде 16 миллион қаралым және мыңдаған пікір жинаған.
Көптеген қолданушылар бұл лайфхакты жақсы бағалаған, алайда блогердің әдісі ақымақтық екенін де жазғандар кездескен. "Айналайындар, мен бұған алданбаспын, өйткені ұшақ желемен қапталмайды ғой", – дейді пікір білдірушілердің бірі.
@anna..paullFear of flying tip ✈️❤️♬ original sound - Anna Paul