Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында Қазақстан тағы бір алтын медаль еншіледі
Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында Қазақстан тағы бір алтын медаль еншіледі
359
оқылды
Қазақстандық зілтемірші Никита Әбдірахманов Мексикада өтіп жатқан Жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасының қоржынын тағы бір медальмен толықтырды. Мексиканың Леон қаласында өтіп жатқан дүбірлі додада ол 102 келі салмақта бақ сынады. Қоссайыстың қорытындысымен спортшымыз 348 (157+191) келіні көтерді. Күміс медаль өзбекстандық Кудратбек Салимжоновқа бұйырса, үздік үштікті түркиялық Баки Кетмет түйіндеді. Бұл – қазақстандық спортшылардың әлем чемпионатынан алған төртінші алтын медалі.