Вайнерлер Төребаев пен Шерниязовты қамауға алу мерзімі тағы екі айға ұзартылды
Вайнерлер Төребаев пен Шерниязовты қамауға алу мерзімі тағы екі айға ұзартылды
Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамау мерзімі тағы екі айға ұзартылды.
 «Тергеу сотының 18 маусымдағы қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. М. Төребаев пен М. Шерниязовқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы 2 айға ұзартылды», – деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты 10 күнге қамау туралы сот қаулысы өзгеріссіз қалған болатын.