Иран Ислам Республикасының Президенті «Саадабад» кешенінде Қазақстан Президентін ресми қарсы алды. Бұл туралы БОРТ №1 Телеграм-арнасы мәлімет таратты.
"Құрмет Қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Иран Ислам Республикасының әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ибрахим Раиси бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды", - деп жазды ақпарат көзі.