Нұр-Сұлтанда егде жастағы әйел жетінші қабаттан құлап кетті
Нұр-Сұлтанда егде жастағы әйел жетінші қабаттан құлап кетті
602
оқылды
Қайғылы оқиға елорданың сол жағалауында болған. Елу жастағы әйел жетінші қабаттағы пәтердің балконынан құлап, көз жұмды. Қалалық полиция департаментінің ақпаратынша, 102 каналына Достық көшесінде орналасқан үйдің 7-қабатындағы балконнан әйел құлағаны туралы ақпарат түскен. Алған жарақатынан ол оқиға орнында көз жұмды.
"Елорданың 50 жастағы тұрғынының жеке басы анықталды. Марқұм құлаған сәтте оның жақындары үйде болған", – деп мәлімдеді полиция.
Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалды. ҚПК 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің өзге мәліметтері жария етілмейді.