Қазақстандық файтер Дамир Исмағұлов UFC турнирінде тағы да жеңіске жетті
Қазақстандық файтер Дамир Исмағұлов UFC турнирінде тағы да жеңіске жетті
Қазақстандық файтер Дамир Исмағұлов UFC турнирінде қатарынан бесінші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Исмағұлов Остин қаласында (АҚШ, Техас штаты) UFC on ESPN 37 турнирінде өнер көрсетіп, грузин Гурам Кутателадземен жұдырықтасты, – деп хабарлайды Sports.kz. Олардың жеңіл салмақтағы жекпе-жегі үш раундқа есептелген. Жекпе-жек төрешілердің бірауыз шешімімен Исмағұловтың жеңісімен аяқталды.
"Осылайша Дамир Исмағұлов кәсіпқой мансабындағы 24-ші жеңісіне қол жеткізсе, Гурам Кутателадзе үшінші рет жеңіліске ұшырады", – деп жазды ақпарат көзі.
Исмағұлов үшін бұл жеңіс UFC-дегі бесінші жеңісі екенін еске саламыз. Ол бұған дейін де ең ірі промоушендегі бес жекпе-жектің бәрін де жеңіспен аяқтаған болатын.