Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова алғашқы ойында-ақ чемпиондық белбеуді иеленді
Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова алғашқы ойында-ақ чемпиондық белбеуді иеленді
399
оқылды
Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова (5-2-1, 2 КО) Комерсте (АҚШ, Калифорния штаты) титулдық жекпе-жек өткізді, – деп хабарлайды Sports.kz. Ол гаити боксшысы Джайка Павилуспен (3-5-1, 1 КО) қолғап түйістірді. Бұл кездесу титулдық сипатқа ие болды, өйткені GBO нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы чемпионның белбеуі сарапқа салынды, әрі ойын алты раундқа есептелген. Оның қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Сатыбалдинова жеңіске жетті. Осылайша, Аида Сатыбалдинова кәсіби мансабында алтыншы жеңісіне қол жеткізіп, GBO нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуді ұтып алды.