Той үстінде күйеу жігіт қалыңдығын ұрып жіберді: Сот шешім қабылдады
Той үстінде күйеу жігіт қалыңдығын ұрып жіберді: Сот шешім қабылдады

Бұған дейін желіде той үстінде қалыңдығын ұрып жіберген күйеу жігіттің видеосы тарап, көпшіліктің талқысына түскен болатын. Келеңсіз жағдай Өзбекстанда болған, – деп хабарлады gazeta.uz

 Ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалған, бірақ жарының шағымдары мен наразылығының болмауына байланысты жаза қолданылмайды. Ер адам кешірім сұрап, мұндайды енді қайталамауға уәде берді.
"Өзімді ұстай алмай қалдым. Мәселе шешілді, үйлену тойы жалғасты. Мен қалыңдығымнан кешірім сұрадым. Енді бұл қайталанбайды", - деді ол.