Netflix сериалының түсірілім алаңына барар жолда көлік апатынан екі актер қайтыс болды
Netflix сериалының түсірілім алаңына барар жолда көлік апатынан екі актер қайтыс болды
474
оқылды
Мексикада екі актер - Раймундо Гардуньо Круз мен Хуан Франсиско Гонсалес Агилера жол апатынан қайтыс болды. Екеуі де Netflix компаниясының "Избранный" сериалын түсіруге бара жатқан, – деп хабарлайды Lenta.ru сайты. Актерлер 17 маусымда қайтыс болған. Фургонда Круз мен Агилерадан басқа түсірілім тобының тағы алты мүшесі болған, олар кішігірім жарақат алған. Енді Netflix және RedRum продюсерлік компаниясы сериалды уақытша тоқтатты.