Атырауда екі ер адам топырақтың астына тірідей көміліп қалған
Атырауда екі ер адам топырақтың астына тірідей көміліп қалған
768
оқылды
Атырауда топырақ астында қалған екі ер адам қайтыс болды. Олар жеке тұрғын үйдің жанынан қазылған шұңқырға құлаған топырақтың астында қалған. Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Екі адамның өліміне соқтырған қайғылы оқиға кеше болған.
«18 маусымда екі ер адам Атырау қаласындағы «Жұлдыз» шағын ауданында орналасқан жеке тұрғын үйдің жанынан шұңқыр қазған. Сол кезде су құбыры жарылып кеткен. Соның салдарынан қазылған шұңқырға топырақ үйіндісі құлаған. Екі ер адам топырақ үйіндісінің астында қалып, шыға алмаған. Екеуі де оқиға орнында қайтыс болды», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.
Қайтыс болғандардың бірі – 1989 жылғы, екіншісі – 1999 жылы туған. Қазір полиция қызметкерлері осы дерекке байланысты тергеу амалын жүргізіп жатыр.