Қазақстаннан Иран арқылы Түркияға баратын алғашқы контейнерлік пойыз жөнелтілді
Қазақстаннан Иран арқылы Түркияға баратын алғашқы контейнерлік пойыз жөнелтілді
394
оқылды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ибрахим Раиси Қазақстаннан Иран арқылы Түркияға баратын алғашқы контейнерлік пойызды жөнелту рәсіміне онлайн форматта қатысты, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Павлодардан шыққан жүк пойызы Түрікменстан аумағы арқылы өтіп, бірнеше күннен кейін Тегеранға жетті. Рәсім барысында мемлекеттер басшылары пойыздың ары қарай Түркияға жөнелтілуіне белгі берді. Қазақстан Президенті екі ел үкіметтерінің басшыларына және теміржол жетекшілеріне аталған жобаны әзірлеп, жүзеге асырғандары үшін ризашылығын білдірді. «KTZ Express» компаниясы ұйымдастырған пилоттық контейнерлік пойыздың құрамында әрқайсысының салмағы 20 фут болатын 48 тіркеме бар. Пойыз 12 күнде 6 336 шақырым жолды басып өтеді. Жүкті ауыстырып тиеуді қажет етпейтін жаңа трансұлттық қатынастың іске қосылуы балама бағдарларды әртараптандыруға және Қазақстан аумағы арқылы өтетін контейнерлік жүк тасымалын жеделдетуге мүмкіндік береді. Іс-шара соңында Иран Президентінің атынан Қазақстан Президентінің құрметіне арналған ресми қабылдау болды.