Бүгін Атырауда ел біріншілігінің ХІV туры аясында «Атырау» мен «Ақтөбе» футбол командалары кездесті. Ойын басталғанға дейін стадионға жиналған футбол жанкүйерлері төбелесіп қалды. Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарады. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жанкүйерлер арасында қақтығыстың болғанын растады. https://www.youtube.com/watch?v=aoZpUqweM1A
«Бүгін, 19 маусым күні сағат 17.55 шамасында «Атырау-Ақтөбе» футбол құрамаларының ойыны басталмас бұрын стадион алдында жанкүйерлер арасында қақтығыс болған. Полиция қызметкерлері қоғамдық орында құқықбұзушылыққа жол берген 30 адамды ұстады. Олар Атырау қалалық Полция басқармасына жеткізілді», - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.