Қызылағашта 60 қой-ешкінің өлексесі табылды – видео
Қызылағашта 60 қой-ешкінің өлексесі табылды – видео
Фото: Видеодан скриншот
Жетісу облысы Ақсу ауданының әкімдігі Қызылағаш су қоймасынан табылған малдың өлексесі туралы мәлімет таратты. Өткен жұма-сенбі күндері Қызылағаш су қоймасы аумағында болжам бойынша суға құлап, тұншыққан 8 бас ешкі, 9 бас қозы, 43 бас қой өлген. Малдың өлексесін судан шығарып, мал қорымына апарып тастады. Қой-ешкінің құлағындағы жапсырмаларына қарап, мал иесін анықтап жатыр. Анықталса,  мал иесіне Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексі бойынша әкімшілік шара қолданылады.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от 🇰🇿Жеті Су_Ақсуым🇰🇿 (@aksu_shagimi)