Семейде ер адам 36 бас мал ұрлаған

Семейде ер адам 36 бас мал ұрлаған

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, шаруа қожалығының 46 жастағы басшысы арызданған. Белгісіз біреулердің жайылымнан 36 бас малын ұрлап кеткеніне шағымданған. Шығын мөлшері шамамен – 1 500 000 теңге. Жедел іздестіру нәтижесінде, күдікті ұсталды. Малды көрші қожалықта жұмыс істейтін 54 жастағы жұмысшы ұрлағаны анықталды. Ол өз кінәсін мойындады. Ұсталған ер адам қолхатпен босатылды. Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.