Күзетші құны 2 миллион теңге тұратын темір контейнерді ұрлап кеткен
Күзетші құны 2 миллион теңге тұратын темір контейнерді ұрлап кеткен
Фото: satom.ru
483
оқылды
Түркістанда контейнері жоғалған тұрғын полицияға арызданды. Жапа шеккен ер адамның айтуынша, өзі жұмыс істейтін мекеме аумағында тұрған темір контейнер ұрланған, – деп жазады Polisia.kz. Шығын көлемі 2 миллион теңгеге жуық. Полиция істі ҚК-нің 188-бабы (ұрлық) бойынша тіркеуге алды. Оқиға орнына шұғыл жетіп, ұрлыққа қатысы бар жергілікті тұрғынды ұстады. Күдікті осы мекемеге жақын жердегі фирмада күзетші болып жұмыс істеген. Ол күнделікті арлы-берлі өтіп жүргенде фирмадағы контейнерге көзі түскен. Контейнерді сатып жіберген. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.