Полицейлер кішкентай баласымен бірге із-түзсіз жоғалып кеткен келіншекті тапты
Полицейлер кішкентай баласымен бірге із-түзсіз жоғалып кеткен келіншекті тапты
Фото: bugin.kz
3,894
оқылды
Түркістан облысында полицейлер кішкентай баласымен бірге жоғалып кеткен әйелді Шымкент қаласынан тапты, – деп жазады Polisia.kz. 10 маусымда төрт айлық баласымен бірге үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған келіншек аман-есен табылды. 14 маусымда Сауран аудандық полиция бөліміне әйел арызданып, келіні мен төрт айлық немересі жоғалғанын айтып, көмек сұрады. Полицейлер әйелдің баруы мүмкін деген орындарды тексеріп, шұғыл іздестіру нәтижесінде, келіншекті Шымкенттегі әйелдерге арналған дағдарыс орталығынан тапты. Келіншек отбасылық ұрыс-керістен кейін туыстарына айтпай, үйінен кетіп қалған. Келіншекті туыстарына аман-есен тапсырды.