«АрселорМиттал Теміртаудағы» апат: қауіпсіздік шарасына жауапты 2 басшы ұсталды
«АрселорМиттал Теміртаудағы» апат: қауіпсіздік шарасына жауапты 2 басшы ұсталды
562
оқылды
Қарағанды облысы Полиция департаменті 10 маусымда «АрселорМиттал Теміртауда» 4 адамның қайтыс болуына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу барысында қауіпсіздік шарасына жауапты 2 басшыны ұстады. Бұл туралы Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Тергеу жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы комиссия құрылып, өндіріс орнында болған жағдайға қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу барысында мекеме жұмысшылары және өндіріс кезінде қауіпсіздік шараларына жауапты болған азаматтардан жауап алынды.
«Жинақталған материалдардың негізінде Қылмыстық кодекстің 277-бабында (құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шараларын бұзып, абайсызда екі немесе оданда көп адам өліміне әкеп соққан) көзделген қылмыстық әрекетті жасады деген күдікпен қауіпсіздік шараларына жауапты 2 басшы ұсталды» делінген ПД-ның хабарламасында.
19 маусымда Теміртау қаласының тергеу соты күдіктілерге қатысты қамауда ұстау және бұлтартпау шарасын қабылдады.