Қарағанды облысындағы Осакаров ауданының атауы өзгереді
Қарағанды облысындағы Осакаров ауданының атауы өзгереді
Фото: foto-planeta.com
7,976
оқылды
Енді Қарағанды облысының Осакаров ауданы «Сарыбел» деп аталмақ. Аудан тұрғындары арасында Осакаров ауданының атауын өзгерту мәселесі 90-жылдардың аяғынан бері айтылып келеді. Кейінгі жылдары бұл мәселе халықпен кездесулер кезінде де, әлеуметтік желілерде де жиі талқыланып жүрді.
«Сарыбел»   бұл аймақтың тарихи атауы. Бұл мәселені Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ профессорлары мен доценттері терең зерттеп келеді. Барлық ауылдық округтер мен кенттер бойынша тыңдаулар өтті. Хабарландырулар аудандық әкімдіктің және мәслихаттың ресми сайттарында, сондай-ақ аудандық «Сарыбел КЗ» және «Сельский труженик» газеттерінің парақшасында жарияланды. Тыңдауға Қоғамдық кеңес мүшелері, жергілікті қоғамдастықтар және аудан тұрғындары қатысты. Барлық сұрақтарға түсініктемелер мен жауаптар берілді», –  деп хабарлады Осакаров ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аудан әкімдігінің хабарлауынша, аудан атауы өзгергенімен, Осакаров кентінің атауын ауыстыру туралы мәселе көтерілмеген. Ол сол күйінде қала бермек. Сондай-ақ ведомствоның айтуынша, ауданның атауын өзгерту кезінде тұрғындар ешқандай шығын шығармайды.