Нұр-Сұлтан қаласындағы «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы аумағындағы қою түтіннің неден пайда болғаны белгілі болды. Бұл туралы елордалық Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері түсіндірді.
«Бүгін сағат 15.03-те өрт сөндіру қызметіне Қорғалжын тасжолы бойында қураған ағаштың өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеке құрамнан 25 адам және 5 бірлік техника шықты. Қазір өрт сөндіріліп жатыр. Сағат 17.31-де өрт жартылай ауыздықталды. "Нұр -Сұлтан қаласының жасыл белдеуіне" және құрылымдарға оттың таралу қаупі жоқ», – делінген қалалық ТЖ департаменті хабарламасында.Құтқарушылардың мәліметінше, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. [caption id="attachment_202271" align="alignnone" > Фото: Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД[/caption]