Ертең елдің бірнеше өңірінде ауа температурасы 30 градустан жоғары болады
Ертең елдің бірнеше өңірінде ауа температурасы 30 градустан жоғары болады
«Қазгидромет» РМК Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына қатысты ескерту жариялады. «Қазгидромет» болжамы бойынша, 21 маусымда Нұр-Сұлтанда кей уақытта найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауып, шаңды дауыл тұрады. Онтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с, ал кей уақытта 23 м/с жетеді. Таулы өңірлерде нөсер жауынға байланысты 2022 жылдың 21-23 маусым аралығында Жамбыл, Түркістан және Алматы облыстарының тау және тау етегіндегі аудандары мен Алматы қаласы маңындағы таулы аудандарда өзендерде су деңгейі көтерілуі ықтимал. Сондай-ақ еліміздің барлық өңірінде жауын және бұршақ жауып, найзағай ойнап, дауыл тұрады. Ауа райының жауын-шашынды болғанына қарамастан, бірқатар өңірде 35-37 градус аралығында аптап ыстық болады. Аймақтардың басым бөлігінде 15-20 м/с жел соғады.