Елорданың Есіл ауданы аумағында 1 гектар аумақта құрғақ шөп өртенді. Желіде Нұр-Сұлтан көшелерін түтін басып кеткен видео пайда болды.
«Бүгін сағат 15:03-те 101 пультіне Есіл ауданындағы Қорғалжын тас жолы бойында қураған шөптің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер келген бойда құрғақ шөп, қамыс жанып жатқанын анықтады. Өрттің алдын ала болжам бойынша ауданы 1 га құрады, зардап шеккендер жоқ», - деп көрсетті Нұр-Сұлтан ТЖД баспасөз қызметі.Өрт сөндіруге жеке құрамнан 25 адам және 11 бірлік техника жұмылдырылған. 17-31-де өрт жартылай ауыздықталды, деп көрсетті ведомстводан.