Ұшағы кешіккен жолаушыға қандай жағдай жасалады?

Ұшағы кешіккен жолаушыға қандай жағдай жасалады?

Жазғы демалыс маусымы келіп, жолаушылардың жүріс-тұрысы көбейді. Қазақстанның ішкі рейстерінде де, шетел бағыттарында да саяхатшылар қатары қалың. Маусым басталғалы жүздеген туристің ұшақ күтіп, әуежайда сағаттап отырып қалғаны туралы деректер бар. Осы орайда, «Эйр Астана» компаниясы әуе рейсі кешіккен жолаушының қандай құқығы барын хабарлады.

Егер рейстің кешігу уақыты 2 сағаттан асса:

- 2 рет қоңырау жасалады немесе электронды пошта арқылы 2 хат жолданады;

- сусын беріледі.

Ал егер ұшақты 6 сағаттан астам күтуге мәжбүр болсаңыз:

- күндіз әр 6 сағат сайын, түнде әр 8 сағат сайын ыстық тамақ беріледі.

Түнде 6 сағаттан және күндіз 8 сағаттан асса:

- қонақ үйге орналастырады;

- қонақ үйге дейін және кейін трансфер ұйымдастырылады.

«Әуекомпания себебінен кешіккен әр сағат үшін сегмент құнының 3%-ы көлемінде өтемақы төленуі керек. Өтемақы алу үшін help.airastana.com сайтында өтініш білдіру қажет», - деп мәлімдеді компаниядан.

 

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.