Батыс Қазақстанда тұрмыстық техника тиелген жүк көлігі жанып кетті
Батыс Қазақстанда тұрмыстық техника тиелген жүк көлігі жанып кетті
28,286
оқылды
Батыс Қазақстан облысында тұрмыстық техника тиелген жүк көлігі жанып кетті. БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 20 маусым күні сағат 11.51-де Сырым ауданы аумағында болған. Самара-Шымкент жолының 360-шақырымында Жымпиты ауылынан 30 шақырым жерде Оралға тауар тиеп келе жатқан Scania жүк көлігі отқа оранды.
«1957 жылғы жүргізуші айдаған автокөлік пен тұрмыстық техника тиелген тіркемесінен түк қалмай жанып кетті. Жүргізушінің сөзіне қарағанда, тіркемеге 15-16 тоннадай жүк (теледидар, кондиоционер және басқа тұрмыстық техникалар) тиелген. Өрт сөндірушілер жалынды екінші тіркемеге жібермеді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде тауардың иесі, өрттен келген шығын көлемі анықталу үстінде», деп хабарлады ведомстводан.