Әлем чемпионатында топ жарды
Әлем чемпионатында топ жарды
359
оқылды
Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орын алды. Дүбірлі дода 11-18 маусым аралығында Мексиканың Леон қаласында өткен болатын. Жарыста қазақстандық ауыр атлеттер 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иегері атанды. Нәтижесін­де жалпы командалық есепте алтын­ды иеленді. Әлем чемпионатында ел құрамасынан Ерасыл Сәулебеков (67 келі), Едіге Емберді (73 келі), Денис Полубояринов (80 келі), Никита Абдрахманов (102 келі) жеңімпаз тұғырына көтерілді. Ал Надежда Ли (62 келі) күміс алса, Александра Беленко (40 келі) және Ерасыл Омаров (55 келі) қола жүлдеге қол созды. Жалпы командалық есепте Колумбия екінші орын алса, Түркия құра­масы үздік үштікті қорытын­дылады.