Алдағы отырыста салықты қарайды

Алдағы отырыста салықты қарайды

Парламент Сенаты Бюросының мүшелері 2022 жылғы 23 маусымға жоспарланған Палата отырысының күн тәртібін бекітті. Депутаттар Сенаттың кезекті отырысында «Қазақстан Респуб­лика­сының кейбір заңнамалық актілеріне стрестік активтер нары­ғын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар ен­гі­зу туралы», «Салық және бюджетке тө­ле­нетін басқа да міндетті төлем­дер туралы» Қазақстан Респуб­лика­сының Кодексіне (Салық ко­дексі) және «Салық және бюд­жетке төленетін басқа да міндетті тө­лем­дер туралы» Қазақстан Рес­пуб­ликасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтыру­лар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнама­лық актілеріне құқық қорғау қыз­метін өткеру тәртібін жетілдіру, құқық қорғау органдары, арнаулы мемлекеттік органдар қызмет­керлерінің және әскери қызметші­лердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы мен жауаптылығын арттыру, ведомствоаралық үйлес­тіру, ішкі істер органдарының дербестігі, жекелеген қылмыстық құқықбұзушылықтар үшін жауап­ты­лықты күшейту және қару айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын қарауды жоспарлап отыр. Парламентшілер сондай-ақ «Қазақстан Рес­публика­сының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнама­лық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырым­дылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптес­тік­ті іске асыруға арналған мемле­кеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар, дәрілік қамтама­сыз ету және әлеуметтік қамсыз­дандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын бірінші оқылымда қарайтын болды. Бюро мүшелері сонымен қатар Мәжіліс бұрын мақұлдаған заң жобалары бойынша жұмысты одан әрі жалғастыру үшін оларды Сенаттың тұрақты комитеттері арасында бөліп берді.

М.ХАҚНАЗАР