Қаңғыған ит қауіпті ауру таратады
Қаңғыған ит қауіпті ауру таратады
© коллаж: Қуаныш Сапарбай
482
оқылды
Қызылордада бұралқы ит­тер қауіпті індет тарата бас­тады. Осылайша, үлкен-кішіге ауыз салып, көптің зәре-құтын қашырған иесіз иттерден қо­ғам­ға тағы бір қауіп төнді. Нақты айтқанда, Сыр бо­йын­дағы өлкеде иесіз ит пен мы­сық­тар­дан жұқпалы тері ау­руы­ның жұғу көрсеткіші артқан. Ме­ди­цина ті­лінде «дерматоми­коз» деп атала­тын аурудың бұл түрі үй жануар­лары мен ке­мір­гіштерден, науқас адаммен бай­ланыс орнат­қанда жұ­ғады. Терінің бұзылуы мен тыр­нақ­тың сынуы, бастың шаш орна­лас­қан бөлігінің та­қыр­лануы дер­ма­то­микоздың алғашқы белгі­ле­ріне жатады. Бұл кесел ересектерге де, балаларға да жұғады. Қызылорда облыстық Сани­тарлық-эпидемиологиялық ба­қы­лау департаментінің мә­лімдеуінше, қатерлі тері ауруына шалдығу фак­тілері облысқа қа­расты Жалағаш, Жаңақорған аудандары мен Қы­зылорда қа­ласында байқалған. Соңғы бес ай көлемінде өңірде қа­терлі паразитарлық ауруға қа­тыс­ты 126 дерек тіркеліпті.
«Паразитарлық аурудың 90,4 пайызы адамдарға ит-мы­сық­тар арқылы жұғады. Ал 9,5 пайызы қа­рым-қатынас ар­қылы жұққан. Оның ішінде 115 жағдайы 14 жасқа дейінгі бала­лар арасында тіркелді. Ұлт­тық сараптама ор­та­лы­ғы­ның фи­лиалы қауіпті сыр­қаттың өр­шуіне жол бермеу мақ­са­тын­да дер­­матомикоз ауруы тір­кел­ген бар­лық ошақта дезин­фекциялау жұ­мыс­­та­рын жүр­гізді», – дейді Қызыл­орда об­лыстық Санитар­лық-эпиде­мио­логиялық бақылау депар­тамен­ті­нің бөлім басшысы Әлия Идрисова.
Жаз мезгілі – тері аурулары өршитін кезең. Оған қоса, бұ­ралқы иттердің көбеюі де бұл дерттің та­ралуына әсер етіп отыр. Мамандар жеке бас та­залығын сақтап, қаң­ғы­ған иттер мен мысықтарға жа­қын­да­мауға кеңес береді. Шын мәнін­де, «Жануарларды қорғау ту­ралы» заңға өзгеріс енгізіп, иесіз ит-мы­сықтарды аулау мен жою жұмыс­та­рын жолға қою қажет секілді. Әйт­песе, бұралқы иттен келетін қауіптің азаяр түрі көрін­бейді.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЕВ, Қызылорда облысы