Маңғыстауда құстар қырылып жатыр
Маңғыстауда құстар қырылып жатыр
Фото: flot2017.com
668
оқылды
Маңғыстау облысында 160-қа жуық құстың өлексесі табылды, – деп жазады Lada.kz. Баутино мен Аташ ауылы маңындағы жағалаудан балықшылар 160-қа жуық өлген құсты тапқан. Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы Аңшылық бөлімінің басшысы Тұрғанбай Шапағатовтың айтуынша, құстардың қырылуына адамның қатысы жоқ. «Қызыл кітапқа» енбеген құс, оны ешкім ауламайды. Жаппай қырылуына адамның қатысы жоқ. Дауылдан соң қырылып қалған болуы мүмкін. Экологтар құс өлексесінен сынама алды. Сараптама нәтижесінен кейін мәселенің мән-жайы анықталады», – деді Тұрғанбай Шапағатов. Бұған дейін Маңғыстауда итбалық қырылғаны туралы жазған болатынбыз.