Бір айда 3 300-ден астам алтын құйма сатылды

Бір айда 3 300-ден астам алтын құйма сатылды

Ұлттық банктің дерегінше, биыл мамыр айында жалпы салмағы 92,7 келі 3 316 алтын құйма сатылды. Қазақстанда 2017 жылдан бері жалпы салмағы 3,2 тоннаға жуық 94 545 алтын құйма сатылды. Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында ең көп сұранысқа ие түрі – 10 грамдық алтын құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі – 26%, яғни, 24 493 дана. Одан кейін 20 грамдық құйма көп сатылады – 20 385 дана (22%), 5 грамдық құймадан 19 468 дана (20%), 100 грамдық құймадан 18 679 дана (20%), 50 грамдық құймадан 11 520 дана (12%) сатылды. Алтын құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында көп сатылады. Қазір алтын құймаларды екінші деңгейлі банктер мен айырбастау пункттерінен сатып алып, кері сатуға болады.