Қазақстандықтар шілдеде неше күн демалады?
Қазақстандықтар шілдеде неше күн демалады?
548
оқылды
Биыл шілде айында Қазақстанда екі мереке - Елорда күні мен Құрбан айт тойланады. Осы жылы Астана күні – 6 шілде сәрсенбіге түсіп тұр. Ол күні бес күн жұмыс істейтіндер де, алты күн жұмыс істейтіндер де бір күн демалады. Ал мұсылман күнтізбесіне сәйкес биыл Құрбан айттың бірінші күні – 9 шілде, сенбіге түседі. Ол  күн сенбі болғандықтан, қосымша демалыс қарастырылмаған. Шілдедегі демалыс күндері: бес күн жұмыс істейтіндер үшін 20 жұмыс күні және 11 демалыс күні бар. алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 жұмыс күні және 6 демалыс күні бар.