Елдегі кейбір аймақтарда күн 45 градусқа дейін ысиды

Елдегі кейбір аймақтарда күн 45 градусқа дейін ысиды

«Қазгидромет» Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады. Ауа райы болжамына сәйкес, күндіз 23-24 маусымда Қарағанды облысының оңтүстігінде, 25 маусымда батысы мен оңтүстігінде күн 40 градусқа дейін ысиды. 24-25 маусымда Қызылорда облысының оңтүстігінде ауа температурасы 45 градусқа дейін көтеріледі. Түркістан облысының шөлді аудандарында да 25-27 маусым аралығында 45 градус ыстық болады. Күндіз 25-27 маусым аралығында Жамбыл облысының батысы мен солтүстігінде 43 градус ыстық болады. 26-27 маусым күндері Алматы облысының батысы, солтүстігі мен шығысында 40 градус ыстық. 22 маусымда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 37 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.