Қазақстандық 116 адам алтын құймаларын Дубай, АҚШ, Ресейде сақтап қойған
Қазақстандық 116 адам алтын құймаларын Дубай, АҚШ, Ресейде сақтап қойған
1,496
оқылды
Жүзден астам шенеуніктердің шет мемлекеттерде қанша қаржы сақтап отырғаны жайлы мәлімет белгілі болды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Азамат Панбаев журналист Еркін Байғабылұлына берген сұхбатта айтты.
"Былтыр жалпыға бірдей декларацияның алғашқы сатысы өтті. Негізгі декларация тапсырғандар мемлекеттік қызметкерлер, олардың жұбайлары, квазимемлекеттік орындар басшылары, олардың жұбайлары, банктер, сақтандыру ұйымдары басшылары. Яғни, осындай бір топ азаматтар жалпыға бірдей декларациямен қамтылды. Жалпы 497 мың адам декларация тапсырды. Сол тапсырған адамның 440-да әлемнің 58 мемлекетінде 691 млрд теңгеге шоты көрсетілді", - деді Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Азамат Панбаев.
Комитет төрағасы орынбасарының айтуынша, қазақстандық қалталылардың көбінің байлығы АҚШ, Швейцария және Ресей елдерінде сақтаулы екен.
"Сондай-ақ 494 адамның 666 мүлкі шетелде. Олардың көбі Дубайда, Түркияда, Ресейде тіркелген. Осы адамдардың ішіндегі 116 адам инвестициялық алтын барын көрсеткен. Яғни, алтын құймаларын сатып алып, шетелде сақтап қойған", - деді спикер.