Орысша жауап бермегені үшін қазақ келіншегінің екі тісін қағып алды
Орысша жауап бермегені үшін қазақ келіншегінің екі тісін қағып алды
3,474
оқылды

Орыс тілінде жауап бермегені үшін екі тісінен айырылған қазақ келіншегі әлеуметтік желіге бейнежазба жариялады. «Құрметті «Тіл майданы», менің есімім Рақышева Гаухар Мұратқызы. Мен Боралдай кентінде тұрып жатырмын. Жамбыл облысының тумасымын. Айтайын дегенім кішкентай ғана осы Боралдай кентіндегі базарда кішкене ғана дүкеншем бар. Өзім міндетті түрде салық төлеп, шағын жұмысымды атқарып жүрмін. Жалғызбасты анамын», - деді ол. Гаухар Мұратқызы көпшілікке бейнежазба арқылы шығу себебін былай түсіндіреді:

«16 маусым күні таңертеңгі уақытта дүкенде теріс қарап таразыға зат өлшеп тұр едім, біреу келіп тауарымның бағасын сұрады. Мен оған қарай алмадым, қапты жанымда ұстап тұрдым да, содан кейін ғана тек қана қазақша жауап бердім, өзімнің ана тілімде. Содан ол кісіге көз қырыммен қарап едім, бір кісіден сұрап тұр екен, «Мен мынаны түсінбедім, маған аударып беріңізші, не деп айтты?» деп. Ол кісі де үндемеді, теріс қарады да кетіп қалды».

Осыдан кейін әлгі адам базардың ішіне кіріп кеткен, көп ұзамай қайтадан айналып келеді.

«Келе сала, «Сен орысша біледі екенсің ғой» деді. «Ты оказывается знаешь русский язык. Почему ты со мной не разговариваешь на русском языке. Ты обязана» деді. «Орысша сөйлеуге кімге міндеттімін?» дедім. «Сен маған міндеттісің орысша сөйлеуге!» деді. Осы сөз қатты намысыма тиді менің. «Мен сізге ештеңеге міндетті емеспін» дедім. Өзім қатты ауырып тұрған едім ол кезде. Ол кісінің де қызуқанды адам екені білініп тұрды, сондай ұрысқа жақын екенін байқадым», - дейді Гаухар Рақышева.

Содан кейін ол кісі орыс тілін білуді міндеттеу туралы әлдебір жарғыларды айта жөнелген. Ал сатушы ауырып тұрғандықтан оған сауда жасамай-ақ кете беруін өтінген. Ол «Жоқ, мен бармаймын, мынаның бағасын білуім керек», - деп тұрып алған.

«Әлден уақытта ол қызуқандылықпен шынтағымен аузымнан ұрып жіберді, екі тісім босап қалды әрі қанап кетті. Тіс дәрігеріне бардым, мен жағдайды қатты дауға айналады деп ойламадым. Тіс дәрігері сотқа дейін барғысы келмеді ма, әйтеуір әрнәрсені сылтауратып маған қағазды бермей отыр», - дейді.

Желі оқырмандары: «Қазақтың ғана қазаққа жаны ашиды», «Оңбаған неме, өзінің тісін сындыру керек», «Масқара! Сотқа дейін барсыншы»,- деп жазды.