Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, маусымның 20-сында Есіл аудандық ПБ кезекші бөліміне жедел жәрдем станциясының фельдшері хабарласып, жаңадан салынып жатқан нысандардың бірінде жұмысшыны тоқ соғып, көз жұмғанын айтты.
«Анықталғандай, көз жұмған адам Көкшетау қаласының 33 жастағы тұрғыны. Есіл қаласында құрылыста жұмыс істеген. Оны бетон араластырғыш машинаны тазалау кезінде тоқ соққан», - деді ведомство.Тергеу бөлімі аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі (Қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.