Текеліде сатушы әйелдің қарақшыны ұрып-соғып, қуып жібергені видеоға түсіп қалды
Текеліде сатушы әйелдің қарақшыны ұрып-соғып, қуып жібергені видеоға түсіп қалды
Текелі қаласында сатушы әйел қарақшыны ұрып, дүкенді қорғап қалды. Қызметкердің батыл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
https://www.youtube.com/watch?v=GNpT4vJ_s7g&feature=emb_title
Кадрда бетперде киген адамның дүкенге басып кіріп, медициналық скальпельмен қорқытып, бір күндік ақшасын талап еткені көрсетілген. Қарақшы терезені теуіп, кассаға зақым келтірген.
Кассаның алдында дүкен иесінің екі қызы болған, оларды 36 жастағы сатушы еден жуу кезінде тұра тұруға сұраған. Айғайлаған дауысты естіген әйел көмекке асығып, ұрының арқасынан швабрамен ұрған. Қарсылыққа тап болған ер адам бірден оқиға орнынан қашып кеткен.