"Қырғи-қабақ соғыс" кезінде де БҰҰ бірлігі бұдан әлдеқайда мығым еді - Тоқаев
"Қырғи-қабақ соғыс" кезінде де БҰҰ бірлігі бұдан әлдеқайда мығым еді - Тоқаев
778
оқылды
Президент Ресей-Украина қақтығысын бейбіт жолмен реттеуге қатысты пікір білдірді.  Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, бұл қақтығысты шешуге тараптардың ерік-жігері қажет. Сонымен қатар Мемлекет басшысы халықаралық қауымдастықтағы пікір қайшылығы мен аталған мәселені шешуде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қауқарсыздық танытып отырғанына тоқталды.
– БҰҰ ешқашан мұндай ыңғайсыз жағдайға тап болған емес. Тіпті «Қырғи-қабақ соғыс» кезінде де Біріккен Ұлттар Ұйымының бірлігі бұдан әлдеқайда мығым еді. Мен БҰҰ-ның болашағына қатты алаңдаймын. Осы ретте, көпқырлы саясатқа сенемін. Бұл ретте мен халықаралық қауымдастықтың бірлік танытып, ынтымақтаса отырып, екі мемлекеттің бейбіт бітімге келуі үшін оң ықпал етуі керек деп санаймын, – деді Мемлекет басшысы.
https://www.youtube.com/watch?v=eoJesrRMdHg&t=879s