GGG қатарынан 23 нокаут жасаған: әлемнің ең мықты панчерлер тізімі жарияланды
 GGG қатарынан 23 нокаут жасаған: әлемнің ең мықты панчерлер тізімі жарияланды
Спорт туралы жазатын ұлыбританиялық talkSPORT порталы әр дивизиондағы ең мықты панчерлер тізімін жасады. Бұл тізімге қазақстандық Геннадий Головкин де кірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"GGG бір кездері қатарынан 23 нокаут сериясын мақтан тұтатын және нокаут коэффиценті 84 пайыз. Жылдар бойы ол қарсыластарын әдемі жеңіп келді, ал кейінгі жеңісі сәуірде Риота Муратамен айқаста болды", - деп жазады басылым.
Тізімде Головкин 17 қыркүйекте жұдырықтасатын Сауль "Канело" Альварес те бар. Сонымен қоса, ең мықты панчерлер қатарында мына боксшылар да кірді: Деонтей Уайлдер, Артур Бетербиев, Джермелл Чарло, Теренс Кроуфорд, Джервонта Вэвис, Маурисио Лара, Брэндон Фигероа, Наоя Иноуэ, Срисакет Сор Рунгвисаи, Дзюнто Накатани и Масатака Танигути.