Алматы маңында жол апатынан ер адам қаза тауып, 11 адам ауруханаға жеткізілді. Оқиға маусымның 21-не қараған түні Жамбыл ауданының Жаңақұрылыс ауылында болған. Автобусты 43 жастағы Түркістан облысының жүргізушісі тізгіндеген. Ол Алматы-Бішкек тас жолының 55-ші шақырымында рөлге ие бола алмай, бір бағытта келе жатқан жүк көлігіне соғылған.
«Оқиға орнында 36 жастағы автобустың екінші жүргізушісі мерт болды, тағы 11 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазір аталған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс тергеліп жатыр»,-деді ведомствоның баспасөз қызметі.