Бағдарлама баяны
Бағдарлама баяны
236
оқылды
«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері бойынша қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онда облыстағы инвестициялық жо­баларды іске асыру мәселесі қа­рал­ды. Кәсіпкерлік және ин­дустриал­дық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Жанна Бекқалиева «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың барысын баяндады. – 2021-2025 жылдарға арналған Жол картасында Батыс Қазақстан об­лысы бойынша 5,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 177 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Биылғы бес айдың қорытындысы бойынша, 217 млрд теңге сомасына 13 жоба іске асырылып, 1376 жаңа жұмыс орны құрыл­ды, – деді ол. Іске асырылып жатқан жоба­лар­дың ішінде қуаттылығы жылына 7000 тонна болатын тауарға арналған плас­тик қаптама өндірісін ерекше атап өтуге болады. Жобаны іске асыруға кә­сіпорын 590 млн теңге көлемінде ин­вес­тиция бағыттаған. Жоба аясын­да тамақ контейнерлері, шелектер, там­шылатып суаруға ар­нал­ған құ­быр­лар, орауыш мате­риал­­дар, тротуар плит­калары шығары­ла­ды.

Азат ҚАЗАҚ