Қоғамдық көлік мәселесі көтерілді

қоғамдық көлік мәселе

«AMANAT» партиясы Тараз қалалық филиалы жа­нын­дағы өңірлік даму жөніндегі қоғамдық кеңестің ке­­­зекті отырысы өтті.

Кеңес отырысында автобустар паркін жаңарту және қала ішін­де қоғамдық көліктің жүру қозғалысы, кәмелетке толма­ған­дарға қатысты зорлық-зомбылықтың, сондай-ақ жасөс­пірім­дер қылмысының алдын алу мәселелері және «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асы­рылу барысы талқыланды.

Күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша тиісті сала қыз­меткерлері атқарылған жұмыстарға тоқталып, қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Қоғамдық көліктерге байланысты автопарк басшылары тех­никалық паркін жаңарту мақсатында тиісті жұмыстардың жүр­гізіліп жатқанын және биыл тағы да жабдықталған бірнеше жаңа автобус алу жоспарланып отырғанын жеткізді. Жиында қо­ғамдық көліктердің тазалығы, жүргізушілердің жол ере­желерін сақтауы туралы да сөз болып, кеңес мүшелері тара­пы­нан автопарк басшыларына бірқатар ұсыныс берілді.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық­бұзу­шылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар мен «Биз­нестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасының жү­зе­ге асырылу барысына қатысты да ұсыныстар айтылып, қо­ғам­дық кеңес мүшелері тиісті сала қызметкерлеріне жо­ғары­да аталған мәселелерді жіті назарда ұстауды тапсырды.

Азат ҚАЗАҚ

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.