Жарқын жеңіс
Жарқын жеңіс
284
оқылды
Велошабандоз Рината Сұл­танова Азия чемпионатының жүлдегері атанды. Бұл – тарихи жеңіс. Байрақты бәсеке Үндіс­тан­ның Нью-Дели қаласында өтіп жатыр. Жерлесіміз іріктеу сын­дарынан сүрінбей өтіп, шешуші бәсекеде үшінші орынға тұрақ­тады. Осының арқасында Рината әлемдік рейтингтің алдыңғы он­дығына кіре алады. Оның Париж Олимпиадасына жолдама алу мүм­кіндігі жоғарылады. Бұ­ған қо­са, ұлттық құрама қоржы­нын­да тағы 2 күміс бар. Оны Елизавета Гринберг пен Артем Захаров жеңіп алды. Ал вело­тректің «гит» түрінде қазақстан­дық Кирилл Курдиди алдына жан салмады. Ол 1 шақырымды 1 минут 2 секундта еңсерді. Үшінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақ­стан құрамасы бас-аяғы 8 медаль жеңіп алды. Құрлықтық дода 23 маусымға дейін жалғасады.