Оқу семинарынан жаңа дағды
Оқу семинарынан жаңа дағды
269
оқылды
Көкшетауда «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясы ұйымдастырған оқу семинарының екінші кезеңі аяқталды. Оған ауыл және ауылдық округ әкімдері мен партияның аумақтық филиал­дарын­ың атқарушы хатшылары қатысты. Енді семинарда білімін же­тілдірген ауыл әкімдері тұрғындарды кәсіпкерлікке баулып, бұл ба­ғытта жол сілтей алады. Бүгінде семинардың үшінші ке­зеңі­не 5 ауданнан 73 әкім қатысып жа­тыр. Оның екеуі – қала әкімі. Оқу про­цесінде меңгерген дағдыларды практ­­икада іске асыруға баса назар ау­дарылмақ. Сондықтан семинар барысында қатысушылар алған білі­мін өзекті кейстерді мысалға келтіре оты­рып, пысықтайды. Бірі – жем-шөп әзірлігі, бірі – ірі қара мал өсіріп сүт бағытын дамыту, енді бірі ірімшік жасау бағытында бизнес жоспарларын қор­ғап, кездесетін қауіп-қатерлер бойын­ша жұмыс істеуді үйреніп жүр. семинар Семинар барысында Аршалы ау­даны Анар ауылдық округінің әкімі Сә­кен Асилов кооператив құрып, сүт фер­масын іске қосу бойынша бизнес жос­парын сәтті қорғап шықты.
– Өзіміздің кооперативтің тұрақ­ты 500-дей малы бар деп алайық. Мау­­­сымдық пайда көреміз деген ойы­мыз бар. Үлкен көлем арқылы жетіс­тік­ке жетуге болады. Тұрақты жұмыс­пен шамамен 15-тен 50-ге дейін адам­ды қамтимыз деп шамалап отыр­мын, – деді ол.
Қорғалжын ауылының әкімі Бауыр­жан Байқадамов семинарда ауыл­ды скринингтен өткізіп, марке­тинг­тік талдау жүргізуді үйреніп жат­қа­нын жеткізді.
– Ауыл экономикасын дамыту­дың перспективалық бағыттарын ай­қын­дай­мыз. Әр үйде болып, олар­мен сөй­лесіп, бейімділігіне қарай бір сала­ға мамандауымыз қажет бо­­­лады. Ол үшін қазір біз табысы бар деген бизнес жо­баларды іске асы­рудың прак­ти­ка­лық дағдыларын игеру үстіндеміз, – дейді Бауыржан

Азат ҚАЗАҚ