Оқу семинарынан жаңа дағды

Оқу семинарынан жаңа дағды

Көкшетауда «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясы ұйымдастырған оқу семинарының екінші кезеңі аяқталды. Оған ауыл және ауылдық округ әкімдері мен партияның аумақтық филиал­дарын­ың атқарушы хатшылары қатысты. Енді семинарда білімін же­тілдірген ауыл әкімдері тұрғындарды кәсіпкерлікке баулып, бұл ба­ғытта жол сілтей алады. Бүгінде семинардың үшінші ке­зеңі­не 5 ауданнан 73 әкім қатысып жа­тыр. Оның екеуі – қала әкімі. Оқу про­цесінде меңгерген дағдыларды практ­­икада іске асыруға баса назар ау­дарылмақ. Сондықтан семинар барысында қатысушылар алған білі­мін өзекті кейстерді мысалға келтіре оты­рып, пысықтайды. Бірі – жем-шөп әзірлігі, бірі – ірі қара мал өсіріп сүт бағытын дамыту, енді бірі ірімшік жасау бағытында бизнес жоспарларын қор­ғап, кездесетін қауіп-қатерлер бойын­ша жұмыс істеуді үйреніп жүр. Семинар барысында Аршалы ау­даны Анар ауылдық округінің әкімі Сә­кен Асилов кооператив құрып, сүт фер­масын іске қосу бойынша бизнес жос­парын сәтті қорғап шықты.

– Өзіміздің кооперативтің тұрақ­ты 500-дей малы бар деп алайық. Мау­­­сымдық пайда көреміз деген ойы­мыз бар. Үлкен көлем арқылы жетіс­тік­ке жетуге болады. Тұрақты жұмыс­пен шамамен 15-тен 50-ге дейін адам­ды қамтимыз деп шамалап отыр­мын, – деді ол.
Қорғалжын ауылының әкімі Бауыр­жан Байқадамов семинарда ауыл­ды скринингтен өткізіп, марке­тинг­тік талдау жүргізуді үйреніп жат­қа­нын жеткізді.
– Ауыл экономикасын дамыту­дың перспективалық бағыттарын ай­қын­дай­мыз. Әр үйде болып, олар­мен сөй­лесіп, бейімділігіне қарай бір сала­ға мамандауымыз қажет бо­­­лады. Ол үшін қазір біз табысы бар деген бизнес жо­баларды іске асы­рудың прак­ти­ка­лық дағдыларын игеру үстіндеміз, – дейді Бауыржан

Азат ҚАЗАҚ