Төтенше жағдай министрлігі жаз ортасына жетпей жатып суға кеткендердің саны көбейгенін мәлімдеп, дабыл қақты. Осыған дейін судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамаған 81 адам қаза болған. Тілсіз жауға құрбан болғандардың 40 пайызы – балалар. Атап айтқанда, 32-сі кәмелет жасқа толмағандар екен. Тіпті, шомылу маусымы басталғалы бері елде 36 адам көз жұмған. Қазір қайғылы жағдайдың алдын алу үшін тәулік бойы 500-ге жуық құтқарушы 125 учаскені бақылап жүр. Ал ел аумағында шомылуға рұқсат етілген 497 ғана белгіленген орын бар.
М.ХАҚНАЗАР