22 маусымға арналған ауа райы болжамы
22 маусымға арналған ауа райы болжамы
Фото: nn.mk.ru
«Қазгидрометтің» мәліметінше, циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Күндіз еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Жел күшейіп, бұршақ жауады, шаңды дауыл тұрады. Ақмола облысында найзағай ойнап, жел күшейеді, түнде солтүстігінде, орталығында екпіні – 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде – 15-20, солтүстігінде 25 м/с дейін күшейеді, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Алматы облысының таулы аудандарында күндіз күн күркіреп, оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында жел екпіні 25 м/с жетеді. Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрады, найзағай кезінде желдің күші 15-20 м/с болады. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай, бұршақ, дауыл соғады. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында жел қарқыны – 15-20 м/с. Күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі, күндіз облыстың батысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жел жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл соғады. Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында күн күркірейді, облыстың солтүстігінде жел екпіні – 18 м/с. Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, жел 25 м/с дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл болады. Күндіз басым бөлігінде жел екпіні 23-28 м/с жетеді. Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, шығысында күн күркірейді, найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз Қарағанды облысының солтүстік, шығысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.