Тоқаев пен UPL Limited бас директоры жаңа технологиямен жер өңдеу мәселесін талқылады
Тоқаев пен UPL Limited бас директоры жаңа технологиямен жер өңдеу мәселесін талқылады
Фото: akorda.kz
230
оқылды
Мемлекет басшысы UPL Limited компаниясының бас директоры Джай Шроффпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа UPL Limited  компаниясының қазіргі жұмысы мен даму перспективалары жөнінде ақпарат берілді. Джай Шрофф Мемлекет басшысына ауыл шаруашылығы саласында заманауи тәсілдерді қолдану, осы саладағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ егін егу және жер өңдеуде қолданылатын қазіргі технология жөнінде айтты. Қазіргі таңда UPL Limited өнімдері әлемнің 150-ден астам елінде сатылады. Агробизнес – компанияның негізгі табыс көзі. Кәсіпорын дәстүрлі агрохимиялық өнімдер мен басқа да ауыл шаруашылығына қажетті тауарлар өндіріп, сатумен айналысады.