Тексеріс тыйылғалы талап сақталмайды
Тексеріс тыйылғалы талап сақталмайды
© коллаж: Елдар Қаба
541
оқылды
Екі жылдан бері елдегі кәсіпкерлікті қолдау мақсатында тиісті органдардың тексерісіне тосқауыл қойылған. Әйткенмен мемлекеттің мейірімін біздегі бизнес субъектілер басқаша түсінген сыңайлы. Себебі соңғы уақытта шағын және орта кәсіпкерлікке жататын қоғамдық тамақтану орталықтарында ас ішіп, уланғандар көбейді. Жаппай улану жиілеген Бес күн бұрын тағы сол Аты­рауда екі күннің ішінде 9 адам құс етінен дайындалған донерден ула­нып қалды. Бұл жолы облыстық Санитариялық-эпидемиология­лық бақылау департаменті басшы­сы­ның орынбасары Әлия Бекешо­ва «өңірде тамақтан улану дерегі жыл басынан бері алғаш рет тір­келіп отыр» деп ақталды. Жуырда Рудныйда колледждің 35 студенті жаппай уланды. Қос­танай аумақтық Санитарлық-эпи­демиологиялық бақылау басқар­масы оқиғадан кейін асханадағы азық-түліктер мен су сынамаларын алып, тиісті тексеріс жасағандарын айтты. Зардап шеккендердің 14-іне «Жіті гастроэнтерит» диагнозы қойылып, ауруханаға жатқызылды, қалғандарына амбулаториялық ем тағайындалған. Алдыңғы айда Нұр-Сұлтан қаласы Санитарлық-эпидемиоло­гия­лық бақылау департаментінің бөлім басшысы Елена Гартман жыл басынан бері қалада 72 адам тамақтан уланғанын жеткізген. Ай­туынша, күн райының жы­лы­нуы­на байланысты тағамды дұрыс сақтамаудың салдарынан улану оқиғалары жиілеген. «Тамақтан улану белгілерінің инкубациялық кезеңі 30 минуттан 24 сағат аралы­ғында байқалуы мүмкін. Дегенмен көп жағдайда улану белгілері 2-6 сағат аралығында айқын көрінеді. Науқастың бойында жүрек айну, құсу, диарея (іш өту), әлсіздік, ұйқы қашу, асқазан немесе ішек ауруы, бас ауруы, дене қызуының көтерілуі сиякты белгілер пайда болады. Жалпы, сырқаттанудың кезеңі адам ағзасының жасына және жалпы жағдайына, бактерия­лардың немесе токсиндердің алуан түріне, қабылданған тамақ мөлше­ріне байланысты. Ересектерге қарағанда кішкентай балаларда астан улану әлдеқайда ауыр жағ­дай­да өтеді. Сондай-ақ тамақтан уланғанда өздігінен емделу қауіп­ті», – дейді ол. Маманның мәлім­де­­ме­­сі­не көп уақыт өтпей жатып, қаладағы Санитарлық-эпиде­мио­ло­гиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларына тағы да тамақтан уланған 64 науқас жүгі­ніп, оның 52-сі ауруханаға жатқы­зылса, 12-сі амбулаторлық ем ал­ғаны туралы қалалық медициналық ұйымдардан шұғыл хабарламалар түскен. Науқастардың барлығы бір қоғамдық тамақтану орнында тамақтанғанын айтыпты. Тексеру барысында ас әзірлейтін нысаннан бірқатар заңбұзушылық анықтал­ған. Мәселен, барлық технология­лық процесс ас үйдің бір бөлмесін­де жүргізіліп, цех бойынша учас­келерге бөлу қарастырылмапты. Бөлшектеу жабдықтарын таңбалау, пайдалану және сақтау талаптары да сақталмаған. Бұдан бөлек, азық-түлік өнімдерін және азық-түлік шикізатын сақтау кезінде қажетті қағидат мүлдем ескерілмеген. Ал қызметкерлерді жұқпалы аурулар­дың болуына тексеру журналы атымен жоқ. Тексеру жүйесін жетілдіру керек Қолданыстағы талапқа сәйкес, елімізде шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жарияланған. Яғни, бизнес өкілдерін бейберекет тексеруге болмайды. Өзін-өзі жұ­мыс­пен қамтып отырған кәсіпкер­лерді қолдаудың бұл ережесіне талас жоқ. Дегенмен жөн-жосық­сыз тексерісті тоқтатудың соңы тағамнан улану жағдайларын жиілетіп жіберген секілді. «Денсаулық» ұлттық қауым­дастығының басшысы Бақыт Түменованың айтуынша, соңғы уақытта тамақтану орталықтарын­да санитарлық стандартқа жүрдім-бардым қарайтындар көп. Оның үстіне СЭС мамандары да рұқсат қағазын «бармақ басты, көз қыс­тымен» бермесіне кепілдік жоғын жеткізді. «Тамақ дайындау орта­лық­та­рындағы талап етілетін ере­же толық сақталмайтынын күнде көріп жүрміз. Қарапайым ғана қол жуатын жері жоқ, кейде ас дайын­дау­шылар кір қолымен тамақ дайын­дайды. Адамның өмірі мен денсаулығын қорғау қажет. Зардап шеккен адам ауырып жазылғаны­мен, оның салдары бәрібір қалады. Сол үшін адам өміріне қауіп әке­летін осындай жағдайдың көбей­гені көзге көрініп тұрса, уақытша мораторийді тоқтатып, тексеру жүр­гізілгені дұрыс. Егер қалай бол­са солай тексеріп, анықтамасын жазып беру жағдайы болса, ол үшін жауапкершілік қатаңдатыл­ғаны жөн. Яғни, стандартқа сел­қос­тық танытқан тамақтану орта­лығының иесі мен адам өміріне бей-жай қарап, жалған анықтама берген СЭС маманын да бірге қосып жауапкершілікке тарту керек», – дейді Бақыт Түменова. СЭС-тен сескенбейді Олардың сөзіне сенсек, тек­серіс заңға сай жүргізіледі екен. Мәселе – кәсіпкерлерді қолдауға арналған мораторийден бөлек, санитарлық нормалардың бұзылу фактілеріне көз жұма қарайтын тұрғындардың селқостығы да себеп болып отыр. Өкінішке қарай, қазір кафе, дүкен, асхана сияқты орындар ша­ғын және орта бизнес ретінде саналғандықтан СЭС мамандары­ның оларға сөзі жүрмейді. Жылына бір рет тексерілетін кәсіпкерлік­терге содан кейін тек адам уланып, арыз жазған жағдайда ғана баруға мүмкіндік берілген. Ал астан улан­ғандардың көбі арыз жазуға құлық танытпайды. Оның үстіне тамақ­тану орындары мен дүкендерде та­залық сақталмаса, ескерту жаса­лып, айыппұл салынады. Оларды жеке бизнесті дамыту жобасына байланысты жауып тастауға тағы болмайды. Санитариялық-эпидемиоло­гия­лық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың сө­зінше, Үкімет кәсіпкерлікті да­мыту үшін белгілі бір жеңілдік бер­ді. Жылына 1 реттен жиі бол­май­тын тексерулердің еселігі анық­талып, тексеру жүргізілгені ту­ралы хабарды бақылаушы мем­лекеттік орган алдын ала беруге міндеттеледі. Өрескел бұзушы­лықтар болмаған жағдайда, 1 жыл­ға дейін тексерулерден босату көз­делген. Бұл өз кезегінде халықтың ден­саулығына қауіп-қатер әкелетінін айтқан Е.Байтанаев «Биылдың өзінде алты күн ішінде республика­да тамақтан уланудың 4 жағдайы тіркелді. Зардап шеккендер саны 180 адам, оның ішінде 44 бала бар» деп отыр. Айталық, Екібастұз қаласында Еl-Tay мейрамханасын­дағы іс-шараға қатысқан 60 адамға жедел жәрдем көмегі қажет бо­лыпты. Оның ішінде 46 адам ауру­ха­наға жатқызылды. Атырау қала­сында да 14 адам астан уланып, оның ішінде 12 адам жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызыл­ды. Мұндағы 2 бала «Атырау Афиша стрит фуд» мекемесінен тамақтанған. Сондай-ақ Нұр-Сұл­тандағы Okadzaki суши-барында дайындалған сушиден 101 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның ішінде 71 адам аурухана төсегіне таңылыпты. Жалпы, алты айда республика бойынша та­мақтан уланудың 19 жағдайы тір­келген. Одан 367 адам зардап шексе, оның ішінде 113 бала бар. Тексеру мен қозғалған қылмыстық іс аясында 3 объектіге 2 миллион 190 мың теңге мөлшерде айыппұл салынды. «Осы мекемелердің барлығына тиісті тексеріс жүргізіп, көптеген заңбұзушылық анықталды. Кө­бісінің рұқсат құжаттары бол­маған. Жұмысқа тартылған қыз­меткердің медициналық кітап­тары жоқ. Қауіпсіздікті растайтын құжаттар­сыз азық-түлік сатып алынып, дайын­дау және жарам­дылық мер­зімі белгіленбеген шұжық өнімдері пайдаланылған. Рұқсат берілмей­тін үй жағдайында әзірленген та­ғам­дар дайындалған. Сорақысы, қыз­меткерлер ара­сында сальмо­нел­лез қоздыр­ғыш­тарын тасымал­да­ғандары да бел­гілі болды», – дейді Санитария­лық-эпидемио­логиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев. Сондықтан алдымызға қойыл­ған астың адалына көз жеткізбей ауызға салуда абай болу керек-ақ. Сол үшін мамандар кез кел­ген тамақтану орталығы мен асқа тапсырыс берер алдында жет­кізу уақыты 40 минуттан асатын болса, тапсырыс беруден бас тар­туға кеңес береді. Құрамы термия­лық өңдеуді, әсіресе теңіз өнімде­рін қамтымайтын тағамдарға тап­сырыс беруден, жағымсыз иісі немесе күмәнді көрінген астан аулақ болу қажет.