Өрт сөндірушілер Талдыкөл маңындағы өртпен екі күн арпалысты. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт 20 маусым күні сағат 15.03-тер шамасында басталған. Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы Қорғалжын тасжолының бойында қураған шөп өртенген. Өрт ошағына ТЖМ-нің МИ-8 тікұшағымен 27 рет су шашылды (81 тонна). Кеше сағат 18.53-те өрт ауыздықталып, бүгін сағат 05.55-те толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге 86 қызметкер мен 14 техника жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.